Хотите перизатым ? Кликай по ссылке!
Голосов: 0
Артист: Жанабай Отеген
Название произведения: Перизатым
Длительность mp3 песни: 03:16
Датировано: 2015-04-19
Просмотров: 918
Алғаусыз сезім, ақ жүрегіммен,
Арманына адал тағдыр едім мен.
Бағыты-жұмбақ, бағасы-қымбат
Бақыт іздеген жанмын өмірден.
Көрдім де сені... Өртендім өзім,
Еркімді билеп, еркем бір өзің,
Көркіңе шіркін, жарасқан қандай,
Көзайым, күнім, көркем мінезің.
Қайырмасы:
Жап-жарық нұрдан жаралдың ба сен?!
Мөп-мөлдір мұңдай жанардыңжасы ең.
Ғайыптан келген Перизатым-ау,
Ғажайып сыйы ғаламның әсем.
Назданып нәркес нұрға малынып,
Ынтызар еттің ырғала күліп.
Мен сені жақсы көріп қалдым ғой,
Мезі еткен ауыр мұңнан арылып.
Қайырмасы:
Жап-жарық нұрдан жаралдың ба сен?!
Мөп-мөлдір мұңдай жанардыңжасы ең.
Ғайыптан келген Перизатым-ау,
Ғажайып сыйы ғаламның әсем.
Көріктім менің, көзі нұр, жақұт,
Сыр айтсын сендік сезім үн қатып.
Көз ілмей мәнгі, өзіңдей жанды,
Сағынудың да өзі бір бақыт!